رَبِّ انْصُرْنِي عَلَى الْقَوْمِ الْمُفْسِدِينَ.
رَبِّ انْصُرْنِي عَلَى الْقَوْمِ الْمُفْسِدِينَ
Аудионы жүктеу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
(Лұт Ғ.С.); "Раббым! Бұзақы елге қарсы маған жәрдем бере көр!",- деді.
«Унсурни» (انصُرْنِي) сөзі бұйрық райда келген. Бұл — азғындыққа бой алдырып, бұзақылық таратқан Содом халқына қарсы Лұттың дұғасы.
Шейх Абдуррахман әс-Сағдидің тәпсірі
Пайғамбары олардан үміт үзді әрі олардың азапқа лайық болғанын білді. Олардың өзін тым қатты өтірікке шығарғанына күйзеліп, оларға қарсы дұға етті де: «Раббым! Маған бұзақы елге қарсы жәрдем бере гөр!» — деді. Алла оның дұғасын қабыл етті.
Имам Ибн Кәсирдің тәпсірі
Сондықтан Алланың пайғамбары оларға қарсы жәрдем сұрап: «Раббым! Маған бұзақы елге қарсы жәрдем бере гөр!» — деді.
Әл-Бағауидің тәпсірі
Лұт: «Раббым! Маған бұзақы елге қарсы жәрдем бере гөр!» — деді. Яғни, азап туралы айтқан сөзімнің ақиқат екенін көрсетуіңді сұраймын.
«Сахих әл-Бұхариде» (№ 3373) Ибраһим мен Лұтқа келген періштелер туралы оқиға баяндалады.